2025 жылдың 4 сәуірінде университетімізде қабылдау бөлімі мен Medical Foundation ұйымдастыруымен Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы мектептердің 10–11 сынып түлектері үшін «Ашық есік күні» өтті. Шара болашақ талапкерлерді, олардың ата – аналарын және дәрігерлік мамандыққа қызығушылық танытқандардың басын қосты.
«Педиатрия» білім беру бағдарламасымен таныстыру сәтті өтті!
Балалар ауруларының пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Сәкім Д.Ғ. және «Педиатрия» мамандығының 4 курс студенттері Курманбекова Азария, Дуйсембай Жанна, Кожахметов Айбек қатысты. Студенттер талапкерлермен оқудан алған әсерлерімен бөлісті, оқу үдерісінің қыр – сырын әңгімеледі, жеке тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар студенттік өмір және педиатр мамандығына барар жол туралы көптеген сұрақтарға жауап берді. Қонақтар білім беру бағдарламасымен танысты, оқытушымен және студенттермен әңгімелесті, оқуға қабылдау ережелері, білім беру бағдарламасының оқу үдерісі мен ғылыми қызметі туралы егжей – тегжейлі білді.
Іс – шараға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз! Бұл сапар сізге армандаған мамандық – педиатрияға алғашқы қадам жасауға көмектесті деп сенеміз.