2025 жылдың 4 наурызында ШЖҚ КМК «Успен АА» жанындағы алдын алу медицинасы мектебі шеңберінде ЖДП кафедрасы меңгерушісі профессор Дюсупова А.А. және академиялық жетекші, м.ғ.к., доцент м.а. С.М. Адильгожинаның жетекшілігімен медициналық персонал арасында “Туберкулез және оның алдын алу” тақырыбында семинар өткізілді. Туберкулёз – Mycobacterium tuberculosis бактериясы қоздыратын созылмалы инфекциялық ауру, ауа-тамшы жолымен таралады. Көбінесе өкпені зақымдайды, бірақ сүйек, бүйрек, ми қабықтары және басқа ағзаларға әсер етуі мүмкін. Аурудың дамуына әлсіреген иммунитет, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы және созылмалы аурулар ықпал етеді. Негізгі белгілеріне ұзаққа созылған жөтел, қызба, түнгі тершеңдік және салмақ жоғалту жатады. Диагностика туберкулин сынамаларын (Манту, Диаскинтест), өкпе рентгенографиясын және қақырықтың микроскопиясын қамтиды.
Алдын алу шаралары БЦЖ вакцинациясына негізделген, ол балаларда ауыр түрлерінің даму қаупін азайтады. Ерте диагностикалау және емдеу, қауіп тобына кіретін адамдардың флюорографиялық тексерістен өтуі, жұқпалы науқастарды оқшаулау, тұрмыс пен тамақтану жағдайларын жақсарту маңызды рөл атқарады. Жоғары қауіп тобына кіретін адамдарға (байланыста болғандар, иммунитеті төмендер) изониазидпен химиопрофилактика тағайындалуы мүмкін. Салауатты өмір салтын ұстану, темекі мен алкогольден бас тарту және жеке гигиена ережелерін сақтау аурудың алдын алуға көмектеседі.