Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған АКТ бойынша пәндік олимпиада

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған АКТ бойынша пәндік олимпиада

2025 жылдың 4 сәуірінде Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша ЖООішілік пәндік Олимпиада өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты – студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялау үдерісінде үлкен маңызы бар медицина саласындағы болашақ мамандардың АКТ құзыреттілігін дамыту.

Олимпиаданың ашылуы PhD докторы, Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике ісі мектебінің деканы Қайырханова Ынкар Окимханқызының құттықтау сөзімен басталды.

Олимпиада екі турда өтті. Бірінші турда қатысушылар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінен тест тапсырды. Екінші турда қатысушыларға практикалық тапсырмалар ұсынылды, олардың мазмұны болашақ кәсіби медициналық қызметінде сұранысқа ие болатын дағдыларды дамытуға бағытталған. Олимпиадаға «Медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша 1 курстың 33 студенті қатысты.

Жеңімпаздар екі кезеңнің қосындысы бойынша анықталды:

1 орын – Himanshi (1507 топ);

2 орын – Гулам Рамиль (1238 топ), Anushka Panchal (1508 топ);

3 орын – Әшіров Айтемір (1307 топ), Aditya Shivnikar (1508 топ), Тлеуханов Алнұр (1302 топ).

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және олимпиадаға қатысушыларға қызығушылықтары үшін алғыс айтамыз және цифрлық медицинаны дамытуда табыс тілейміз!!!

 

Олимпиаданы ұйымдастырушылар:

Уранхаева Г.Т.,  ЖББП кафедрасының меңгерушісі

Ғалымова Ә.Д., оқу ісінің меңгерушісі

Мусатаева И.С., доцент м.а.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар