2024-25 оқу жылында профессор Н.А.Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында кардиология ревматология, акушерсво және гинекология мамандығы бойынша 1-2 курста оқитын 6 резидент педагогикалық тәжірибеден өтуде. Жас ұстаздарға тәлімгерлікпен кафедра меңгерушісі, доцент С.Қ. Қожанова және анатомия және топографиялық анатомия пәндерінің аға оқытушылары, оқу ісін меңгерушілері,. Г.М.Есболатова және А.К.Букатов. Сабақ басталар алдында С.Қ. Қожанова резиденттерді жас оқытушыларға қойылатын негізгі талаптармен, кафедрадағы оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен, кафедрада қолданылатын оқыту әдістемелерімен және заманауи педагогикалық технологиялармен таныстырып, оқытылатын пәндер бағыттары бойынша тәлімгерлерді анықтады. Солай С.Қ. Қожанова келесі резиденттерге Бейсембаева Жанар, Серікова Талшын, Г.М.Есболатова Маратқызы Әсел мен Сейтхан Данураның ұстаздық қызметін бақылайды, ал А.Қ. Букатов – акушер-гинекологтар Эльмира Жұмашева мен Диана Слямбекованың резиденттері педагогикалық тәжірибеден өту үшін тәлімгерлік етіп, ұстаздық қызметін бақылайды.
Осылайша, «Кардиология» мамандығының резиденттері Маратқызы Әсел мен Бейсембаева Жанар 2 курс студенттерімен «Кардиорреспираторлық жүйе» пәні бойынша оқуға кірісіп, «Anatomage» томографиялық виртуалды платформасын пайдалана отырып, тәжірибеден клиникалық жағдайларды мысалға ала отырып, TBL технологиясы бойынша сабақ әзірлеу, сондай-ақ мақала жазу үшін деректер жинау тапсырмасын алды.