Аса қауіпті инфекциялар – ерекше эпидемиялық қауіп төндіретін жұқпалы аурулардың шартты тобы. Кез-келген мамандық дәрігері осы инфекциялармен кездесуі мүмкін. Сондықтан жұқпалы аурулар бойынша сабақтарда интерндер “Aса қауіпті инфекциялар кезіндегі дәрігердің тактикасы” дағдысын меңгереді. Студенттер аса қауіпті инфекцияға күдік туындаған кезде дәрігердің мінез-құлық алгоритмін пысықтайды, жеке қорғаныс құралдарын, киіну ережелерін және костюмді алу ережелерін қолдануға үйретеді. Бұл практикалық дағды болашақ дәрігерлерге эпидемиялық қауіп төндіретін инфекцияларға дұрыс жауап беруге мүмкіндік береді.
Кусаинова Д. Т., Маукаева С. Б.