ОЛИМПИАДА «ГИСТОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ»

ОЛИМПИАДА «ГИСТОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ»

Семей медицина университетінде 9 сәуір күні “Стоматология” және «Фармация» мамандығының 1-курс студенттері арасында гистология пәнінен олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: жалпы гистология және адам эмбриологиясы саласында терең білімі бар дарынды  студенттерді анықтау, танымдық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру. Олимпиада бағдарламасы 2 кезеңнен тұрды: тестілеу және практикалық дағдылар.

Гистология пәнінен олимпиада жеңімпаздары:

1-орын – Абишева Нагима (1305 тобы «Стоматология»)

2-орын – Зайнулина Амина (1306 тобы «Стоматология»), Серікқажы Елдана (1306 тобы «Стоматология»)

3-орын – Аширов Айтемір (1307 тобы «Фармация»), Шортомбаева Ақжан (1305 тобы «Стоматология»), Бағданов Арман (1301 тобы «Стоматология»).

 

Профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Конкурстар, Оқушылар