ШЕКТЕУДІ МҮМКІНДІККЕ АЙНАЛДЫРУ

ШЕКТЕУДІ МҮМКІНДІККЕ АЙНАЛДЫРУ

«Семей медицина университеті» КеАҚ жалпы білім беру пәндер кафедрасы және профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 25 ақпан мен 31 наурыз аралығында қазақ, орыс және ағылшын тілідерінде инклюзивті білім беру аясында барлық мамандықтардың 1 және 5 курс студенттері арасында “Шектеуді мүмкіндікке айналдыру!» атты тақырыптағы республикалық студенттік сурет байқауы өткізілді. Атаулы шараны ұйымдастырудағы басты мақсат “Семей медицина университеті” КеАҚ оқытушылары мен білім алушыларының назарын мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларына аудару және оларға деген толерантты көзқарасты қалыптастыру. Байқау автордың мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірі мен мүмкіндіктеріне қатысты көзқарасы мен ұстанымдарына, байқауға қатысушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға және адамгершілік тәрбиесіне бағытталған. “Шектеуді мүмкіндікке айналдыру!” атты тақырыптағы сурет байқауына өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар қабылданып, нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Қатысушылардың шығармашылық еңбектері жоғары бағаланып, ұздіктер марапатталды:

Жүлделі І орынды – Ikramul Hussain;

Жүлделі ІІ орынды – Ahad Ali және Әсем Ахманова, Айша Баймолданова,  Дүйсенхан Нұрай, Амергалиева Жанель;

Жүлделі ІІІ орынды – Бекеев Рустем Жасуланович, Байжанова Диляра Дархановна, Ұлықбекова Ажар иеленді.

Жеңімпаздарымызға жетістіктеріңіз құтты болсын дей отыра, әрдайым шабыттарыңыз сарқылмасын, өнерлеріңіз арқылы әлемді мейірімді әрі түсіністікке толы ете беріңіздер, жаңа биіктерді бағындырып, шабытпен алға қадам баса беріңіздер демекпіз!

Жарияланды:
Рубрикалар: Конкурстар