Назар аударыңыз! Спартакиада!

Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер! Сіздерді 2025 жылдың 19 сәуір 03 мамыр аралығында “СМУ” КеАҚ профессорлық – оқытушы құрам мен қызметкерлер арасында өтетін Спартакиадаға қатысуға шақырамыз. Спартакиаданың ашылу салтанаты 19.04.2025ж. сағат 10.00 – де. Спартакиада бағдарламасына келесі спорт түрлері енгізіледі: эстафеталық ойындар, волейбол, футбол, үстел теннисі. Жүлде қоры 200 000 тенгені құрайды. Төрешілік 18.04.2025ж. сағат 10.00…

«СМУ» КеАҚ-ның «Bilimdi Keleshek – I» халықаралық білім көрмесіне қатысуы

2025 жылдың 8-10 сәуірінде «Семей медицина университеті» КеАҚ Павлодар және Қарағанды қалаларында өткен «Bilimdi Keleshek – I» халықаралық білім көрмесіне қатысты. Көрме Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарын, мектеп оқушыларын, колледж студенттері мен олардың ата-аналарын біріктірді. Көрмені қаладағы және оған жақын аудандардағы мектептердің 1900-ден астам түлектері тамашалады. Іс-шараның мақсаты – жастарды жоғары білім берудің заманауи мүмкіндіктерімен…

❗️Барлықтарыңызды шақырамыз❗️ “Көктем нұры – ғашықтар жыры” атты мерекелік шара!

Д.М. Тусупова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасы барлық қызығушылық танытқан жандарды көктемнің көркем мерекесін тамашалауға шақырады. Өтетін орны: Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығы Мекен-жайы: Қарағайлы 109 Өтетін күні: 16.04.2025 Басталу уақыты: 11:00 Форматы: офлайн Көктемгі көңіл күй мен махаббаттың әуені тоғысатын бұл шарада сіздерді әсем әндер, ұлттық би, қызықты ойындар…

Жұқпалы аурулар бойынша профилактикалық медицина мектебі

Профилактика жұқпалы аурулармен күресуде үлкен рөл атқарады. Профилактикалық медицина мектебінің жұмысы аясында ЖПД 607 тобының интерндері мен оқытушылары М.А.Сальменбаева мен С.Б.Маукаева күндізгі стационардың бруцеллез және сібір жарасының алдын алу бойынша пациенттерімен әңгімелесті. Бұл аурулар ірі қара мен ұсақ малдардан байланыс, алиментарлы және ауа тамшылары арқылы таралады. Аурулардың алдын алу үшін тек қайнатылған сүт, қайнатылған ет…