Дюсембаев Азат Ануарбекович

Дюсембаев Азат Ануарбекович

М.ғ.д.
Туған күні: 17.11.1945

Академиялық тәлімгер.

 

Дюсембаев Азат Ануарбекович – медицина ғылымдарының докторы СМУ КеАҚ балалар хирургиясы және ортопедия кафедрасының профессоры.

Семей қаласындағы орта мектепті күміс медальге бітіріп, Семей медициналық институтына оқуға түскен.1970 жылы жоғарғы оқу орнын үздік бітіріп, Бесқарағай аудандық ауруханасында екі жыл хирург болып қызмет атқарған.1972-1974 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының медициналық санитарлық бөлімінде хирург, 1974-1977 жылдары Ташкент институтының дәрігерлер білімін жетілдіру мақсатымен құрылған хирургия кафедрасының асперанты.1978 ж. Мәскеу қаласындағы «Бас-ми жарақатын емдеу кезіндегі төс үстілік паратрахеальді новокаиндық блокада» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.

1978-1985 ж. кафедра ассистенті, 1986 жылдан бастап СММИ травматология кафедрасының доценті. 1989 ж. Мәскеу қаласындағы Н.Н. Пирогов атындағы травматология және ортопедия институтына докторантураға түседі, 1991 ж. «Түтікті сүйектердің жабық диафизарлы сынықтарының кешенді емі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

1993-1994 ж. кафедра профессоры, 1994-2016ж СМУ балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі.

1994 жылдан 2004 жылға дейін травматологиядан докторлық диссертацияларды қорғау диссертациялық кеңесінің мүшесі, 2004-2011 жж. СМУ кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша арнайы кеңестің мүшесі.

Үш кандидаттық, екі магистрлық, бір докторлық (PhD) диссертациялардың ғылыми жетекшісі, бірнеше рет диссертанттар оппоненті ретінде сөз сөйледі.

Қазіргі уақытта СМУ КеАҚ балалар хирургиясы және ортопедия кафедрасының профессоры ретінде қызметін атқарады. Емдеу жұмысы бойынша өтілі – 49 жыл, педагогикалық өтілі – 42 жыл.

Оның ғылыми-тәжірибелік қызметі бас-ми жарақатын, тірек-қимыл аппаратының зақымдалуларын емдеуге бағытталған. Ауыр жарақатттар мен қозғалыс функцияларын қалпына келтіру механизмдерінің жасырын резервтерін қолдану жолдары Дюсембаев Азат Ануарбековичтің 140-тан аса мақалалары мен монографияларында жазылған. Оның емдеу әдістері Мәскеу, Харьков, Саратов қалаларында кеңінен қолданылады. Балалар өмірін құтқару жолында мыңдаған операциялар жасаған. 170-тен аса ғылыми жұмыстардың, 42-ден аса өнертабыс, бір монография, балалар хирургиясы бойынша мемлекеттік тілде оқулық және бірнеше оқу-әдістемелік кітаптар жазылған.

Азат Ануарбекович хирургиялық араласулардың барлық түрін жасайды. Дәрігерлердің таңертеңгілік конференцияларға, апта сайынғы бөлімдегі науқастарды қарауға қатысады, ШҚО балаларына консультациялық көмек көрсетеді.

Азат Ануарбековичтің тәжірибелік сабақтары мен дәрістері жоғары педагогикалық және ғылыми-әдістемелік деңгейде өтеді, жоғарғы оқу орындарының заманауи талаптарына сәйкес келеді.

Эл. пошта

azat.dyussembayev@smu.edu.kz