Академиялық тәлімгер.
Санбаев Махмутбай еңбек жолын 1974 жылы Семей мемлекеттік медицина институттының педиатриялық факультеттін аяқтағаннан кейін Семей қаласының балалар облыстық клиникалық ауруханасында 5 жыл бойы балалар хирургиясы бөлімінің ординаторының қызметін атқарды. 1979 жылы наурыз айында балалар хирургиясы кафедрасына ассистент қызметіне қабылданып, қазіргі кезге дейін жұмыс істейді. Университетте жұмыс істеу барысында өзін жоғары санатты хирург және тәжірибелі педагог ретінде көрсетті. Ол оқыған лекциялар және өткізілген практикалық сабақтары жоғары ғылыми методикалық деңгейде, жоғарғы оқу орынның қазіргі заманғы талаптарына сай келеді. Жүйелі түрде өзінің арнайы білімін жетілдірумен айналысады.
1981 жылы Ленинград қаласында,1988 жылы Москва қаласында, 2005 жылы Алматы қаласында, 2017 жылы Қарағанды қаласында біліктілігін арттырды. Кафедраның оқу методикалық әдістемесін құрастыруда белсенділік танытып, оқу үрдісін жеңілдетуге ат салысты.1993 жылдан бастап 2016 жылға дейін кафедра бойынша оқу ісіне жауаптының жұмысын атқарған.
Семей қ. ММУ профессорлық-оқытушылық құрамның рейтингі нәтижелері бойынша жылдың «Үздік оқытушысы» номинациясы бойынша мадақталды. 4 оқу әдістемесінің авторы, мемлекеттік тілде 3 рет баспадан шыққан авторластармен бірге «Балалар хирургиясы» оқулығын жазған. Педагогикалық, емдеу ісін және ғылыми зерттеу жұмыстарын қатар алып жүреді.
135-тен артық ғылыми жұмыстардың және 12-ден артық өнертабыстың авторы. Жоғары санатты балалар хирургі. Кеуде клеткасы, құрсақ қуысы органдарына және урологиялық науқастарға операция жасайды. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінен «Алғыс хатымен» және ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, төс белгісімен марапатталған.
Санбаев Махмутбай еңбекқор, салмақты, рухы мықты, үлгілі жанұяның отағасы, зиялы адам. Ұжым, студенттер және аймақ халқының арасында сый құрметке ие.