Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы – «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның құрылымдық бөлімі болып табылады. Бұл ұйым білім алушылардың оқу үрдісін басқарудағы құқықтарын қорғаумен, студенттердің қоғамдағы белсенділіктерін қадағалаумен, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асырумен айналысады.
Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мақсаттары:
- білім алушылардың оқу үрдісін басқарудағы құқықтарын қорғау оны бағалау;
- студенттердің әлеуметтік маңызы бар бастамаларын жүзеге асыру мен дамыту;
- студенттік өмірдің дәстүрлерін сақтау мен дамыту, азаматтық сананы қалыптастыруға ықпал ету, студенттерді өзін-өзі басқару мен дамуға ынталандыру;
- жастар ұйымдарының жұмысын қадағалау.