Отбасылық медицина кафедрасында жалпы дәрігерлік тәжірибе пәні бойынша 18 ақпан 2020 ж. күні 5 курс студенттері арасында «Жас клиницист-2020» олимпиадасы өтті. Олимпиаданы «Жалпы медицина» мамандығының 536 топ студенттері және м.ғ.к. РЖА профессоры Әділғожина С.М. ұйымдастырды. Сайыс басталмас бұрын кіріспе сөзбен және сәттілік тілектерімен отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. Қазымов М.С. сөз сөйледі. Әділ қазылар алқасынынң төрағасы болып «Семей қаласы №1 емханасы» бас дәрігердің емдеу жұмысы жөнінде орынбасары Тулеутаева Г.Е. тағайындалды.
Олимпиаданың іріктеу кезеңі ЖМ мамандығы 5 курстың 13 тобы арасында өтті. Тест нәтижелері бойынша ең жоғары ұпай жинаған 10 студент олимпиаданың негізгі бөліміне өтті, олардың ішінде шетелдік студенттер де болды.Олимпиада университеттің үштілділік саясатына сәйкес: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.
Олимпиада 3 турдан тұрды, олардың алғашқысы “Бәйге” сайысы. Сайыста “Kahoot!” мобильді қосымшасының көмегімен олимпиада қатысушыларына тапсырмалар берілді. Бірінші сайыста ең көп ұпай жинаған 6 студент келесі айналымға өтті. Екінші болып «Менің ойыным» форматындағы викторина болды, онда қатысушыларға модульде оқытылатын ішкі аурулар, хирургия, педиатрия, акушерия және гинекология категориялары бойынша іріктелініп алынған күрделі сұрақтар қойылды. Нақты ойын стратегиясы бар студент бұл қиын бәсекені жеңе алды. Соңғы турда клиникалық жағдайды талқылай отыра диагноз қою, емдеу – диагностикалық тактиканы дәлелді медицина тұрғысынан талдау және практикалық дағдыны көрсету болды. Бұл сайыста алдыңғы кезеңдерді аяқтаған 4 студент кәсіби тәсілін, құзіреттілік және клиникалық ойлау қабілеттерін көрсете алды. Қатысушылар тапсырмаға дайындалып отырған уақыт аралығында көрермендермен де ойын ойнатылды. Медицинамен байланысты қызықты сұрақтар қойылып, жылдам және тез жауап берген студенттерге сыйлықтар табысталды.
Үздік студенттер арасында өткен сайысты «Семей қаласы №1 емханасы» бас дәрігердің емдеу жұмысы жөнінде орынбасары Тулеутаева Г.Е. олимпиаданың ұйымдастырылуымен және оның мазмұнымен қанағаттанғанын білдіріп қорытындылады. Олимпиадада үш студент жеңіске жетті: бірінші орын – Айнабеков Ринат 501 ЖМ, екінші орын – Гафуров Раиль 512 ЖМ, үшінші орын – Мукиев Серик503 ЖМ ие болды. Олимпиада жеңімпаздарына диплом және бағалы сыйлықтар ұсынылса, олимпиаданың барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына сертификат пен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сыйлықтармен қолдаған «Такеда» фармацевтикалық компаниясы болды. Іс-шара барысында залда серіктестік пен қолдаудың коммуникативті рухы орнықты.
Отбасылық медицина кафедрасы