Республика күніне арналған “Отаным – алтын бесігім” атты дөңгелек үстел

Республика күніне арналған “Отаным – алтын бесігім” атты дөңгелек үстел

2022 жылдың 21-қазан күні Түсіпова Д.М. атындағы педиатрия және реабилитология кафедрасында PhD докторант, кафедра ассистенті Ахметжанова Д. О. және кафедраның оқу ісі меңгерушісі Назарбекова М. С. басшылығымен 601-топ интерн-педиатрлар және 101, 201-топ резидент-педиатрларымен алда келе жатқан Республика күні мерекесіне орай, “Отаным-алтын бесігім” атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар мейрамның шығу тарихына назар аударды. 1990 жылдың 25-қазанында Жоғарғы Үкіметтің басқаруымен ҚазССР №307 – ХХІ декларациясы қабылданды. Декларацияда ҚазақКСР-н политикалық-құқықтық тұрғыдан тәуелсіз мемлекет деп бекітті. Тәуелсіз мемлекеттерге сәйкес, бірқатар міндеттер қойылды: унитарлық мемлекет, біркелкілік, бөлінбеушілік және территорияға тиіспеу, өзіндік мәдениеттің пайда болуы мен дамуы, салт-дәстүрлер, қазақ тілі және Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің тілдері, ұлттық ынтымақтастықты нығайту. Ең алғаш Республика күні мемлекеттік мейрам болып 1995 жылдың қазан айында жарияланды.

Өскелең ұрпақ арасында осы сынды мейрамдарды өткізіп отыру өте маңызды. Себебі, ол патриотизмді және өз ұлтына деген махаббат пен қатар тарихты терең бойлауға өз әсерін тигізеді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]