2022 жылдың 3 қазан күні Түсіпова Д. М. атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасында 712, 713-топ жалпы тәжірибелік дәрігер-интерндар арасында кафедраның оқу ісі меңгерушісі Назарбекова М.С. мен кафедра ассистенті Қапанова А. А. басшылығымен және педиатр-резидент Магауина Ж. Х., Мөтей А. А. қатысуымен олимпиада өтті. Олимпиада мақсаты – студенттердің пәнге деген қызығушылығын оятып, ғылыми-зерттеу саласы бойынша қабілетін дамытып, арттыру. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1 кезең – тестілеу; 2 кезең – өзіндік ойын; 3 кезең – тәжірибелік дағдылар. Студенттер олимпиада барысында теориялық тұрғыдан да тәжірибелік тұрғыдан да өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Ойын өте қызықты да тартымды өтті. Әрбір сайыскер белсенділік танытып, жеңіске ұмтылды. Осы сынды олимпиадалар білім алушылардың клиникалық ойлауының дамуына, өзіне және өз біліміне деген сенімділіктің артуымен бірге, өздерінің «әлсіз» тұстарын байқауға септігін тигізеді. Сайысқа қатысқан барлық қатысушылар алғыс хаттар мен І,ІІ және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына алғыс айтамыз![/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]