28.10.2022 жылы Түсіпова Д. М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитация кафедрасының ЖМКК «Венера» базасында кафедра ассистенті Қапанова А. А. басқаруымен жалпы тәжірибелік 708-топ интерндерімен «Балалардағы ротавирусты инфекция кезіндегі клиника-диагностикалық негізгі аспектілер» тақырыбында санитарлы-ағарту іс-шарасы өтті. Іс-шараға педиатрия бөліміндегі практикалық дәрігерлер, 1-курс резидент-педиатрі, 601-топ интерн-педиатрлары қатысты. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша ротавирусты гастроэнтеритпен 110млн. жағдай кездеседі. Соңғы жылдары ротавирусты инфекция кезіндегі летальді жағдайлар 352-611 мыңға жетті және де оның 80%-ы ерте жастағы балаларды көрсетеді. Жер ғаламшарының барлық аймағында кездесетін ротавирусты инфекция әлемдік маңызы бар мәселелердің бірі. Дәрігер-интерндар бұл инфекцияның диагностикасыдағы ерекшеліктермен бірге, алдын алу шаралары туралы баяндады. Ротавирусты инфекциямен ауырғандарды және симптомсыз өткізген науқастарды өз уақытында анықтау, ауырған науқастарды емдеу және диспансерлік бақылау мен оқшаулау, сапалы клиникалық, лабораторлы, эпидемиологиялық диагностика жүргізу, сонымен қатар, эпидемияға қарсы алдын-алу шараларын жүргізген мекемелер инфекциялық процестің пайда болуы мен таралуының алдын алады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]