Профессор-оқытушылық құрамының академиялық ұтқырлығы шеңберінде “СМУ” КеАҚ стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің шақыруы бойынша визитинг-профессор бағдарламасы аясында 2022 жылғы 17-22 қазан аралығында стоматология факультетінің студенттеріне “Пародонтология” модулі бойынша Бішкек қаласы, И. К. Ахунбаев атындағы Қырғыз Медициналық Академиясымен онлайн дәрістер курсы өткізілді. Визитинг-профессор бағдарламасы бойынша ПОҚ академиялық ұтқырлық шеңберінде “СМУ” КеАҚ стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының доценті Н. Б. Хайдарова және И. К. Ахунбаев атындағы ҚММА ның м.ғ.д., профессор Куттубаева К. Б. арасында өтті . Оқыту бағдарламасының, атап айтқанда дәрістер циклінің қосымша артықшылығы-бағдарлама тақырыбының өзектілігі, пародонт ауруларын алдын алудың, ерте анықтаудың, пародонтологиялық науқастарды емдеудің озық технологиялары. Онлайн дәрістер бағдарламасы оқу және оқу-әдістемелік материалдармен жарақтандырылды.[/vc_column_text][vc_single_image image=”124671″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]