«Дәрігер-стоматолог практикасындағы реминерализациялық терапия» тақырыбында мастер-класс

«Дәрігер-стоматолог практикасындағы реминерализациялық терапия» тақырыбында мастер-класс

Стоматологиялық пәндер және БЖХ кафедрасы «дәрігер-стоматолог практикасындағы реминерализациялық терапия» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Мастер-класс екі кезеңде өтті:

1) дәріс және клиникалық жағдайды талдау;

2) пациенттерге кәсіптік гигиена және реминерализациялық терапия жүргізу.

Дәріс «Стоматология» мамандығының 3-6 курс студенттеріне және интерн-дәрігерлеріне, «СМУ» КеАҚ акт залында өткізілді. Дәріскер «Алтын Дәрігер» төс белгісімен марапатталған дәрігер – Волобуева Елена Владимировна , Алматы қаласындағы International Center for Medical Education Профилактика мектебінің басшысы.

Семей қаласының барлық білім алушылары мен практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері үшін практикалық бөлім № 5 оқу корпусының базасында ұйымдастырылды.

Мастер-класстың негізгі мақсаты тыңдаушыларды кариестің алғашқы алдын алудың заманауи принциптері, стоматологиядағы реминерализациялық терапия әдісі туралы хабардар ету болды.

Мастер – класс тістерді ағарту әдісін, бляшкадан тазарту техникасын және жоғары санатты дәрігер-стоматолог Волобуева Е. В. жүргізген курстың нәтижелерін көрсетумен өткізілді.

Кездесу соңында тыңдаушылар лекторға пайдалы ақпарат, сұрақтарға толық жауаптар, үлестірме материалдар үшін алғыстарын білдірді.  Болашақ дәрігерлер тәжірибеде сәтті қолдану үшін білім қоржынын толықтырды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: