2023 жылдың 7 наурызы мен 14 наурызы аралығында Италияның Гарньяно қаласында Erasmus+/Harmonee жобасының көктемгі мектебі өтті. Италияның Милан және Нидерландының Утрехт университеттерінің тьюторларының жетекшілігімен Орталық Азияның 9 университетінен (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) 27 оқытушы қоршаған орта және халық денсаулығы саласындағы магистратура бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеумен жұмыс істеді. Мектеп нәтижесінде осы білім беру бағдарламасы аясында 9 модуль аяқталды, сонымен қатар ғылыми жобаның одан әрі дамуы талқыланды. Мектеп жұмысы барысында білім беру бағдарламасының әрбір модулі бір тәжірибелік сабақты көрсетті. Оқытудың соңғы әдістері мен білім алушыларды бағалау ұсынылды. Семей медицина университетінен келесі оқытушылар қатысты: Искакова Назым (Модуль: Қоғамдық денсаулыққа кіріспе), Жанара Ибраева (Модуль: Нутрициология) және Кусаинова Диана (Модуль: Денсаулық сақтауды басқару).[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]