М.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының х.ғ.к., доцент Гавриленко И.В. естелігіне арналған олимпиадасы

М.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының х.ғ.к., доцент Гавриленко И.В. естелігіне арналған олимпиадасы

2023 жылдың 18 сәуірінде м. ғ. д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында КеАҚ 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, х.ғ.к., доцент, кафедра ардагері Гавриленко И.В. еске алуға арналған «Фармация» мамандығының студенттері арасында олимпиада өтті.

Ирина Владимировна 15.06.1947 жылы дүниеге келген. 1973 жылы Воронеж технологиялық институтын бітірді. 1975 жылы химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, 1982 жылы доцент, 1983 жылы ССМИ химия кафедрасының доценті болып сайланды. Гавриленко И.В. КСРО авторлық куәлігіне ие, ҚР 5 патенті, 70-тен астам ғылыми және әдістемелік басылымдардың авторы. 2003 жылдың қыркүйегінде «Фармация» мамандығы бойынша оқытудың басталуына байланысты химия курсы «Жалпы химия курсы» және «Фармация факультетінің курсы» болып екі курсқа бөлінді. 2006 жылдың қыркүйегінде оқу үдерісін оңтайландыруға байланысты фармация факультетінің жалпы химия және химия курстары «Химия және дәрілік препараттар технологиясы» курсына біріктіріліп, 2007 жылдың 1 наурызынан бастап кафедра болып өзгертілді. Курстың, кейінірек кафедраның меңгерушісі доценті Гавриленко И.В. сайланды.

Олимпиаданың құрметті қонағы – Ирина Владимировнамен ұзақ жылдар бірге жұмыс істеген кафедра ардагері Кусебғалиева Найля Жағифарқызы.

И.В. Гавриленкоға алғыс және еске алу сөздері медицина университетінде 18 жыл қызмет еткен, бұрынғы кафедра меңгерушісі, қазіргі таңда Халықаралық Астана университеті Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценті, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Болысбекова С.М. жіберді.

И.В. Гавриленконы еске алуға арналған олимпиадаға 2 команда («Морфин» және «Дофамин»), орыс және қазақ бөлімдерінің 3 курс студенттері қатысты. Олимпиаданы ұйымдастырушылар «Фармация» мамандығының 401 топ студенттері және кафедраның аға оқытушысы Абленова А.Т. Олимпиада 4 турдан тұрды. Қазылар алқасының ұпайларын есептеу барысында қатысушылар логикалық ойындар ойнап, Ирина Владимировна туралы презентацияны тамашалады.

Олимпиаданың барлық қатысушылары мен ұйымдастырушылары дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен номинанттарды құттықтаймыз! Сіздерге жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

М.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Конкурстар