Балалардың репродуктивті денсаулығы

Балалардың репродуктивті денсаулығы

Балалардың, әсіресе жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының жағдайы бүкіл әлемде алаңдаушылық туғызуда.

Балалар мен жасөспірімдердің үйлесімді өсуі, дамуы және репродуктивті денсаулығы қоғамның денсаулығы мен әлеуметтік салауаттылығының жетекші көрсеткіштері болып табылады. Соңғы жылдардағы жарияланымдар Қазақстанның өскелең ұрпағы өсу мен дамуындағы келеңсіз тенденцияларды куәландырады, бұл болашақта ұрпақты болу және әлеуметтік функцияларды жүзеге асыруда елеулі шектеулерге, демографиялық дағдарыстың тереңдеуіне әкелуі мүмкін. Қыздардың репродуктивті денсаулығын анықтайтын факторлардың ішінде гинекологиялық аурушаңдық, дене дамуының дисгармониясы және жыныстық жетілудің кешігуі үлкен маңызға ие.

Репродуктивті денсаулықтың негізі балалық және жасөспірімдік шақта қаланады. Репродуктивті денсаулықтың бұзылуының қалыптасуына гинекологиялық патологияның отбасылық тарихы, қанағаттанарлықсыз өмір сүру жағдайлары, темекі шегу, қолайсыз антенатальды анамнез әсер етеді.

2023 жылдың 13 сәуірінде КММ №10 ОБМ әкімшілігінің тапсырысы бойынша «Университеттерді жетілдіру» жобасы аясында Семей қ.ЖТД кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Дюсупова А.А. және м.ғ.м. Досбавева А.М. бірге 7 курс интерндерімен бірге «Тұлға гигиенасы және қыздардың жыныстық жетілу ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді.

Кездесуге КММ №10 ОБМ 7-сыныпта оқитын жасөспірім қыздары шақырылды. Тұсаукесер басында жасөспірім қыздарға «Жастар денсаулық орталықтарының бар екендігі және олардың жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтаудағы рөлі» туралы ақпарат берілді, ЖДО қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Одан әрі дәрігер-интерндер «тең-теңімен» қағидасы бойынша тыңдаушыларға қыздардың денсаулығы, жеке бас гигиенасы, жасөспірімдік шақта болатын ағзаның қайта құрылымдалу ерекшеліктері туралы ақпараттар берді.Кездесу интерактивті түрде өтіп, сұрақтар қойылды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]