Болашақ ревматологтарға арналған «Ашық есік күні»

Болашақ ревматологтарға арналған «Ашық есік күні»

2023 жылдың 4 мамыр күні КеАҚ «Семей медицина университетінің» гастроэнтерологиялық корпусының мәжіліс залында ішкі аурулар мен ревматология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен «Ревматология ересектер, балалар» резидентурасының Білім беру Бағдарламасымен таныстыру мақсатында «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығы бойынша интернатураның түлектері үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара кезінде резидентура бойынша жауапты кафедраның доцент қ.а.  Рымбаева Т.Х. қатысушыларға  білім беру сапасы мен шарттарын,ревматология пәнінен сабақ беретін  профессорлық-оқытушылық құрамы жайында, резиденттердің білім алуы мен жетілдіру жағдайларымене таныстырып өтті.

Дәрігер-интерн назарына резидент-ревматологтардың өздері дайындаған бейнеролик көрсетілді, онда резиденттер резидентураға түскеннен бастап білім алудың барлық бағыттарымен таныстырды: клиникалық тәлімгердің жетекшілігімен КеАҚ «Семей медицина университетінің» УГ кардиоревматологиялық бөлімінде  ревматикалық аурулары бар ересек адамдарды және педиатриялық бөлімде ревматикалық аурулары бар балаларды жүргізеді,  күнделікті таңертеңгілік қарауға қатысады, ауыр жағдайларды клиникалық талдауларға қатысады, профессор қарауларына қатысады, арнамалы ем жүргізуге қатысады, оның ішінде гендік-инженерлік ем мен УГ КеАҚ «СМУ» артрологиялық кабинетінде дәрілік препараттарды буын ішіне енгізуді үйренеді; тезтс жазу, ауызша немесе постерлік мақала арқылы халықаралық қатысумен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, мастер-кластарға, консилиумдарға белсене қатысады.

Сонымен «Ревматология ересектер, балалар» резидентура мамандығы бойынша білім алушылар барлық емдік – диагностикалық және ғылыми-білім алу үрдістеріне қатысады.

Атап айтқандай  «Ашық есік күнін» өткізу  интерн дәрігерлеріне болашақ мамандық таңдау үшін университетіміздің маңызды әрі жақсы дәстүрімізге айналуда.