2023 жылғы 26 мамырда ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторлық топтарының студенттері ЖМКА-ң уролог-дәрігері Секей Н. және акушер – гинеколог Мухамедиярова Л.А. кездесуі өтті. Кездесуге “Жалпы медицина” ББ 1101, 1103, 1121 кураторлық топтары және “Педиатрия” ББ 2324, 2326 топтары қатысты”.
Қонақтар өздерінің өмірбаяны туралы слайдтар ұсынды, кездесуге қатысушыларға медициналық оқу орнына түсу туралы шешім қабылдауға әкелген болашақ мамандығын таңдауы, ЖОО-да оқу, хоббиі, студенттік өмірі, курстастарының достығы мен өзара көмегі, сондай-ақ оқытушылардың студенттерге мейірімді, қатысушылық қарым-қатынасы туралы айтып берді. Секей Н., уролог мамандығының ерекшелігі, урологтың болуы керек маңызды қасиеттері, ер адамның болашағына әсер ететін өмір салты, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және алдын-алу туралы айтты. Акушер-гинеколог Мухамедиярова Л.А. студенттерге контрацепция әдістері (гормоналды, жатырішілік, барьерлік, шұғыл контрацепция және т.б.), жыныстық жетілу туралы айтты. Әр әдістің тиімділігіне, көрсеткіштеріне және қарсы көрсеткіштеріне тоқталып, Перль индексінің формуласын көрсетті.
Студенттерге кездесу өте ұнады, кездесу соңында дәрігерлер студенттердің алдын-ала қойған анонимді сұрақтарына жауап берді. Секей Нұрболат пен Лаура Алтаевна студенттерге оқуда сәттілік пен шыдамдылық тіледі. Осы кездесуден кейін барлық студенттердің оқуға және осы мамандықтарға деген қызығушылығы артады деп ойлаймыз.
Есентаева А. М., Мухамедиярова Л.А., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]