2023 жылғы 12-19 маусым аралығында Семей медициналық университетінің 70 жылдығына орай АИТВ-инфекциясы бойынша пәнаралық жазғы мектеп өткізілді. Жазғы мектептің қатысушылары “жалпы медицина” және “Стоматология” мамандықтары бойынша білім алушылар болды. Жазғы мектепті стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының меңгерушісі Сулейменева Д.М., профессор М. Оразалин атындағы микробиология кафедрасының меңгерушісі Рахимжанова Ф.С., Жұқпалы аурулар, иммунология және дерматовенерология кафедрасының доценті Маукаева С. Б. өткізді.
АИТВ-инфекциясы бойынша жазғы мектеп дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. Бұл тәжірибе, құзыреттілік және энергиямен алмасуға арналған коммуникативтік алаң, ол эксперимент жасауға, кейбір идеяларды ұсынуға дайын жаңа нәтижелерге қол жеткізгісі келетін қатысушылар үшін өткізіледі.
Жазғы мектептің мақсаты – студенттерге негізгі білім беру бағдарламасын игеруде қосымша білім беру қызметтерін көрсету, сондай-ақ студенттердің жаңа білімді игеруі, оларды практикада қолдана білуі, ұжымда жұмыс істеуді үйренуі, сондай-ақ коммуникативтік қабілеттерін дамыту.