2023 жылғы 16, 19 және 20 маусымда Семей қаласының ЖТД кафедрасында резидентурада білім алушылардың құзыреттілігін жетілдіру мақсатында “Отбасылық медицина” мамандығы бойынша Жазғы мектеп өткізілді. Жазғы мектепті ұйымдастыруға және өткізуге м.ғ. д., кафедра профессорының м. а. Қазымов М. С., м. ғ. к., доцент м. а. Теміртасова Ж. О. және ассистент Нұржанова А. Е. жауапты болды. Аталған іс-шараға 101 СМ-Сем, 102 СМ-Сем және 201 СМ-Сем топтарының резидентурасының тыңдаушылары қатысты. Кездесудің 1-ші күні «Кеуде қуысының ауырсынуын дифференциалды диагностикалау мәселелері» талқыланды 2-ші күні «Лимфаденопатия мен спленомегалияда ауырсынуды дифферинциалды диагностикалау» және соңғы күні –«Балалардағы буын синдромы кезіндегі ауырсыну синдромының дифференциалды диагностикасы» талқыланды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]