Әскери кафедрада курсанттардың медициналық білімін және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатында 21 тамыз 2023 жылы оқытушы запастағы полковник М.Ш. Амановтың ұйымдастыруымен эстафета өтті. Сайыс барысында 1 және 2 взвод курсанттарымен шина салу, артериалды қан кету кезінде алғашқы көмек көрсету, жарақат кезіндегі алғашқы көмек және т.б. дағдылар бойынша жаттығулар орындалды. Аталған жаттығулар уақытқа есептелінді, сонымен қатар, алгоритмдердің дұрыс орындалғаны және сапасы бағаланды.
Қазылар алқасы ретінде әскери кафедраның жеке құрамы қатысты.
Қорытынды бағалау кезінде дағдыларды орындау нұсқаулығы, алғашқы көмектің маңыздылығы баса аталып өтті.
Эстафета жоғары дәрежеде өтті, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Тәрбие жұмысына жауапты медицина қызметінің запастағы подполковнигі Н.Смаилов
Оқытушы медицина қызметінің запастағы
подполковнигі А.Смагулов[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]