«Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерінің оқу-жаттығу жиынының сабақ кестесіне сәйкес, 22-23 тамыз 2023 жылы әскери кафедра оқытушыларының басшылығымен «Ошақ» тактикалық-арнайы сабағы өткізілді.
Сабақ барысында курсанттар оқу медициналық ротасының негізгі бөлімшелерін орналастыру және «шартты түрде жараланған науқастарға» медициналық көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды орындауды пысықтады. «Шартты жарақат» алған жерден оларды медициналық ротада пункт ішіндегі сұрыптау және жоғары тұрған емдеу мекемесіне эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.
Сабақтар жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, практикалық дағдыларды үйрету және пысықтау бойынша мақсаттар мен міндеттер толық көлемде орындалды.
Оқу-жаттығу жиынының бастығы запастағы полковник Р. Мамыканов[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]