2023 жылғы 7 қыркүйекте М.ғ.д., М.Н. Мусин атындағы фармакология кафедрасының оқытушылары мен 1 және 2-ші оқу жылының резиденттері № 1 студенттер үйінде “Интернетке тәуелділік психиканың бұзылуының бірі ретінде”тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Интернетке тәуелділіктің белгілері, даму кезеңдері , белгілері және Интернетке тәуелділіктің алдын-алу мәселелері талқыланды.
Соңында 20 сұрақтан тұратын Интернетке патологиялық тәуелділікті анықтау үшін Кимберли Янг сынағы өткізілді, әр жауап белгілі бір ұпай санына бағаланды .
Тестілеу нәтижесі қатысушылар арасында Интернетке тәуелділердің жоқтығын және Интернетке шамадан тыс құмарлықпен байланысты проблемалардың болуын көрсетті. Тестіленушілердің барлығы қарапайым интернет қолданушысы болды.
Өткізілген іс-шараны студенттер үлкен қызығушылықпен қабылдады, дөңгелек үстел соңында студенттер өз пікірлерімен бөлісті, қызықтырған сұрақтарын қойды, сәйкесінше оқытушылар әрқайсысына жауап берді. Кездесу қорытындысы бойынша оқытушылар барлық студенттерге әңгіме барысында қатысқаны және белсенділігі үшін алғыс білдірді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]