2023 жылдың 27 қазанында «СМУ» КеАҚ Семей қ. ЖТД кафедрасының базасында «2023-2024 оқу жылындағы 7 курстың үздік ЖТД-интерн» атты олимпиада өтті. Жыл сайын кафедрада 7 курс ЖТД интерндер арасында олимпиаданы өткізу жақсы дәстүрге айналуда. Олимпиада кафедра меңгерушісі, м. ғ. д., профессор А. А. Дюсупованың құттықтауымен басталды. Интерндер жауабын әділ қазылар мүшелері: доцент Т. М. Беляева, кафедра доцентінің м. а. Р.И. Фаизова және кафедра магистрі Досбаева А.М. бағалап отырды. Айтылған іс-шара үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең ішкі аурулар, жедел медициналық көмек, балалар аурулары және денсаулық сақтау менеджменті бойынша сұрақтарды қамтитын блиц-сауалнама түрінде өтті. Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша екінші кезеңге өткен 16 үздік ЖТД-интерндер іріктелді.
Екінші кезеңде іріктелген интерндер 4 командаға 4 интерннан бөлінді. Осы кезеңде интерн-дәрігерлерге ішкі аурулар, жедел медициналық көмек, балалар аурулары және денсаулық сақтау менеджменті бойынша тапсырмалар ұсынылатын викторина ойыны ұсынылды. Тапсырмалар қиындық деңгейіне байланысты 10-нан 50-ге дейінгі балмен бағаланды. Екінші кезең қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған Команда «2023-2024 оқу жылының 7 курс ЖТД-интерндері арасындағы үздік команда» номинациясында жеңімпаз атанды және үшінші кезеңге өтті.
Олимпиаданың қорытынды кезеңі «2023-2024 оқу жылының 7 курс ЖТД- интерндері арасындағы үздік интернді» анықтау үшін жеңімпаз команданың төрт интерндар арасында жағдайлық есептерді шешу және тәжірибелік дағдыларды орындау түрінде өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік команда» номинациясы бойынша 7 курс ЖТД-интерндерінен құралған команда жеңіске жетті: Жансұлтанова А. (706 т.), Бақуашев Г. (707 т.), Ахметқали Ү. (708 т.) және Ерғалиева А. (708 т.). «2023-2024 оқу жылының 7 курс үздік ЖТД -интерні» номинациясы бойынша бас жүлдені 707 топтың ЖТД-интерні Бақуашев Г. (707 группа) жеңіп алды.
Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Дюсупова Ажар Ахметқалиқызы жеңімпаздарды құттықтап, одан әрі кәсіби жетілдіруін тіледі.
Олимпиаданы жүргізген м. ғ. к., кафедра доцентінің м. а. Г.Т. Камашева. Олимпиаданы өткізуге кафедра ассистенті Ахметова В.Т. ат салысты.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]