Жас Оқытушы Мектебі

Жас Оқытушы Мектебі

2023 жылғы 14 қарашада “Семей медицина университеті”КЕАҚ жас оқытушы мектебінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде жас оқытушы мектебінің ұйымдастырушылық сәттері және білім беру және тәрбие процесі бойынша нормативтік-құқықтық актілер қамтылды.

Жас оқытушы мектебінің жетекшісі Маукаева Сәуле Боранбайқызы – м.ғ. к., жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының доценті. Сәуле Боранбайқызы жас оқытушыларды жас оқытушы мектебінің бұйрығымен, ережесімен және жұмыс жоспарымен таныстырды.

Медицина мектебінің деканы Салтанат Есенғалиқызы Узбекова білім беру және тәрбие процесі бойынша нормативтік-құқықтық актілер туралы презентация жасады, өйткені НҚА әр оқытушының жұмысындағы негізгі және қажетті құжаттар болып табылады.

Рубрикалар: Оқу процесі