Стоматология факультетінің студенттеріне ЖООК тренинг өткізу

Стоматология факультетінің студенттеріне ЖООК тренинг өткізу

Стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасында  «Терапевтік стоматология» пәні бойынша доцент Н.Б.Хайдарова  стоматология  факультетінің 4 курс студенттеріне  «Клиникалық эндодонтия»  және «Пародонтология» пәндерін  оқытуда

«Сanvas» платформасында  ЖООК  дайындап , қолданады.

Canvas платформасында ПОҚ студенттер топтары құрылды, атап айтқанда стоматология факультетінің 4 курс студенттерінен тұратын топтардағы әрбір қатысушы курс тақырыбына сәйкес дайындықтан өтіп, таңдаған пән бойынша түсінігін кеңейтуге мүмкіндік алады. Бұл бағдарлама оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды жақсартуға және мұғалім мен студенттердің коммуникативті қатынастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама педагогикалық қағидалар негізінде құрастырылып, заманауи ақпараттық технология  құралдары негізінде іске асырылған. Білім алушыларға қажетті  дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін жүйелі әдістемелік электрондық бақылау мен  бағалау құралдарының бірегей жиынтығымен және тестілеу материалдарымен  қамтамасыз етілген. Заманауи коммуникация құралдары ақпаратты ұсынуды  оңтайландыруға мүмкіндік береді ,оны қысқа және түсінікті етеді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі