Дзюдодан Республикалық турнирдің жүлдегері СМУ КеАҚ

Дзюдодан Республикалық турнирдің жүлдегері СМУ КеАҚ

2023 жылдың 15 желтоқсан күні Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына орай жоғарғы оқу орындары студенттер арасында дзюдодан Республикалық турнирге СМУ КеАҚ дзюдошы студенттер қатысты.

Аталған турнир Республикалық көлемінде дзюдо бойынша ең беделді және үшінші рет өткілуде. Турнирге көптеген өңірлерден 12 команда қатысты, олар:

Атырау қаласының Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Атырау қаласының Х.Досмухамбетов атындағы университеті, Павлодар қаласының С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті, Almaty management University (AlmaU), Қарағанды медициналық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, СМУ КеАҚ, Alikhan Bokeikhan University, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан универсиеті, Шымкент университеті және Шәкәрім университеті.

Жарыс жеті категориялық салмақта өтті. СМУ КеАҚ 1111 ЖМ студенті Ақжүнісов Әділ 60 кг.салмақта 3 орынды иеленді, біздің дзюдошылардың жаттықтырушысы СМУ КеАҚ дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы Маратов Ерхан Дарханұлы.

Ақжүнісов Әділді және жаттықтырушы Маратов Ерхан Дарханұлын соңғы мәртебелі республикалық біріншілікте лайықты нәтижеге қол жеткізулерімен құттықтаймыз және алдағы дайындықтарға,жарыстарға сәттілік тілейміз![/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Категориясыз