11-15 желтоқсан аралығында кураторлық топтардың (5230 куратор С.Б. Маукаева, 5207 куратор Е.М. Смаил, 5309 Абдрахманова Г.Ж., 5104 куратор Д.Б. Козубаева, 5425 куратор Б.С. Тураханова) “Инфекциялық аурулар” және “Иммунология”пәндерінің білім алушылары үшін академиялық ұтқырлық өтті.
Рязань мемлекеттік медицина университетінің жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының доценті Е.А.Карасева “Жұқпалы аурулар: диагностика мен емдеудің өзекті мәселелері” атты дәрістер топтамасын оқыды. 1. Жедел және созылмалы вирустық гепатит В. мәселенің қазіргі жағдайы. Емдеудің өзекті мәселелері. 2. Жедел және созылмалы вирустық гепатит С. мәселенің қазіргі жағдайы. Емдеудің өзекті мәселелері. 3. Менингококк инфекциясы. Клиникалық түріне байланысты дәрігердің тактикасы. 4. Энтеровирустық инфекция. Дәрігердің қабылдаудағы көріністері, міндеттері мен мақсаттары. 5. TORCH-инфекциялар. Диагностика және емдеу мәселелері.
Дәріскер осы инфекциялардың өзекті мәселелерін ұсынды, клиникалық жағдайларды келтірді, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Маукаева С. Б.