«Journal Club» ішкі аурулар және ревматология кафедрасында

«Journal Club» ішкі аурулар және ревматология кафедрасында

“Гепатология” пәні бойынша “Ересектер, балалар гастроэнтерологиясы” мамандығының бірінші оқу жылы резиденттерімен ішкі аурулар және ревматология кафедрасында “Journal Club” (09.01, 16.01., 18.01.2024) өткізілді. Кафедра меңгерушісі, академиялық тәлімгер А. Ш. Қасқабаева тақырыпты алдын ала мақалаларды таңдау, (Uptodate, Cochrane Library, pubmed, medline) электрондық ресурстарды қарау, сараптамалардың кезеңділігі бойынша жұмыстар берді. Жұмыс дәлелді медицина тұрғысынан заманауи аналитикалық нәтижелер көрсетілген презентациялар бойынша бағаланды, келесі тақырыптар бойынша ақпарат көзіне міндетті түрде сілтеме жасалды:” Ішек микробиотасы және бауыр аурулары” жауапты Жанаева А. және Дүсіпбекова А.,” Ішек дисбиозын түзету әдістері” жауапты Ескендирова З. және “Бауыр циррозын емдеуге бағаналы жасушалар” жауапты Тогайбекова М. “Journal Club” сабағының материалдарын талқылау барысында әрбір резидент баяндамашы ретінде де, талдаушы, сарапшы және сыншы ретінде де әрекет ететін топтық жұмыс атап өтілді. “Journal Club” форматындағы пікірталас нәтижелері бойынша кері байланыс осы әдістеме бойынша оқыту электрондық ресурстармен жұмыс істеу, ғылыми материалдарды жинау және талдау, сыни ойлауды дамыту дағдыларын шындандыратынын дәлелдеді.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі