2024 жылдың 09 қаңтарынан 16 қаңтар аралығында Алтай мемлекеттік медицина университетінің 31.05.01 «Емдеу ісі» мамандығының 5 курс студенттері үшін «Семей медицина университеті» КеАҚ ішкі аурулар және ревматология кафедрасының доцентінің м.а. Шаханова А.Т. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, «Госпиталды терапия, эндокринология» пәні бойынша академиялық ұтқырлық өтті. Сабақтар онлайн форматта Zoom арқылы жүргізілді. 45 студент қатысқан кері байланыс сауалнама нәтижелері бойынша қатысушылар оқу деңгейі сәйкес дәріс материалдарының жоғарғы сапасы, өзектілігі мен қолжетімділігін айтты. Кейбір студенттер осындай онлайн дәрістер басқа пәндер бойынша болғанын қалайтынын көрсетті. Сонымен қатар клиникалық диагноз қою мен емдеу кестелері бойынша ақпараттың көбірек болу жайлы ұсыныс тастады. Болашақта осындай бірлескен жұмыстар жалғасуын қалайтындарын айтты.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]