«Speaking club for International Students» кезекті сабағы 2024 жылдың 31 қаңтарында шетел бөлімінің 2-5 курс студенттерімен өткізілді. Сабақты проф. Н.А.Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Қожанова Сәуле Кеңесханқызы өткізді. Сабаққа сонымен қатар «Speaking club» меңгерушісі Қ.М.Белеуханова жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы және волонтерлер қатысты.
Сабақ барысында жүрек мусіндері арқылы интерактивті түрде «Жүректің құрылымы» тақырыбы талқыланды және сабақ тақырыбына байланысты терминологиядан білімдерін жетілдірді. Студенттер жүрек пен ірі тамырлардың сыртқы және ішкі құрылысы бойынша орыс тілінде анатомиялық терминологияны меңгерді. Халықаралық анатомиялық номенклатураға сәйкес латын терминдерінің жүректің, оның камералары мен қабырғаларының құрылымын сипаттау үшін қолданылатын ағылшын терминдерімен ұқсастығына назар аударылды. Студенттерге ағылшын, орыс және латын тілдеріндегі анатомиялық терминдер сөздігі ұсынылды.
Барлық анатомиялық құрылымдар жүрек мүсіндері арқылы қарастырылды. Сабақ соңында студенттер орыс тіліндегі терминологияны пайдалана отырып, жүректің құрылысын өз бетінше сипаттады. Барлық қатысушылар оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту үшін мұндай сабақтардың қажеттілігін атап өтті.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]