06.02.2024ж. Семей медицина университетінің №1 дәріс залында Жалпы білім беру кафедрасының оқытушылары Психология ғылымының кандидаты, доцент Гизатуллина А.Г., және Базарбеков Ғ.Ж, Мұздыбаева Т.А., Жакупбекова Э.А., Садыкова Л.К. студенттермен кездесіп, жоғары оқу орындары студенттеріне этносаралық келісімді нығайту, студент жастар арасында құқықтық мәдениет пен ұлтаралық келіспеушіліктердің алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жайлы ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, Гизатуллина А.Г. Тұлғаның психологиялық тұрақтылығының факторы ретінде студенттік ортадағы төзімділік деңгейін зерттеу (“Семей медицина университеті” КЕАҚ мысалында, ҚР) тақырыбына дәріс оқыды. Соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алдып, оқытушыларға алғыстарын білдірді.