Кәсіпаралық өзара оқыту Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында

Кәсіпаралық өзара оқыту Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында

2024 жылдың 7 ақпанында Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының қызметкерлері ITTP технологиясы бойынша (кәсіпаралық өзара оқыту) «Жүйелі қызыл жегідегі нефротикалық синдром (ЖҚЖ) және ем менеджменты» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабаққа дайындық бөлімшедегі ревматолог және нефролог резиденттердің бірлескен жұмысынан басталды. Олар бүйрек зақымдануы бар ЖҚЖ диагнозымен жатқан науқасқа сұрау мен тексерулер жүргізді. Профессор Р.Л. Иванованың жетекшілігімен ревматолог резиденттер: Караканова А., Серікова Т. науқастың клиникалық кейсын хронологиялық сипатта ұсынды. Ассистент А.С. Ботабаеваның жетекшілігіндегі резидент нефрологтар ҚДИГО ұсыныстары мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамалары негізінде қызыл жегінің морфологиялық диагностикасы (баяндамашы Исабаева Ә.), ем қағидалары (баяндамашы Унарбекова А.) және қызыл жегінің болжамы (баяндамашы Баяу А.) тақырыптарына баяндама жасады. Резиденттер бірлескен жұмысының нәтижесінде аурудың болжамдары талқыланып, науқасты одан әрі жүргізу және емдеу бойынша ұсыныстар берілді.

Осындай бірлескен кәсіпаралық өзара оқыту резиденттердің теориялық және клиникалық ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі