“Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылау қызметінің заманауи технологиялары” семинары

“Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылау қызметінің заманауи технологиялары” семинары

2024 жылғы 15 ақпанда қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті Ш.М. Токешева Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Р. Ж. Фатхуллинамен бірлесіп “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 4 курс студенттеріне “Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылау-қадағалау қызметінің заманауи технологиялары” тақырыбында онлайн режимде семинар өткізді.

Доцент Ш.М. Токешева Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың ұйымдық-құқықтық аспектілерін, Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі органдарының құрылымын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өкілеттіктерін атап өтті.

Раушан Жұлдызбайқызы бақылау-қадағалау іс-шараларының технологиялары, тексеру жүргізілгенге дейін МСЭҚ органдарының лауазымды адамы толтыратын мерзімдер мен құжаттар, хабарлама беру мерзімдері, сондай-ақ қадағалау объектілерін тексеру материалдарын ресімдеу тәртібі туралы ақпарат берді. Спикер мемлекеттік бақылаудың жаңа нысаны болып табылатын тергеуге егжей-тегжейлі тоқталды.

Білім алушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды. Мұндай семинарларды өткізу білім алушылардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен нормативтерді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау әдіснамасын меңгеруіне ықпал етеді.

Қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті Ш. М. Токешева, оқытушы М. Б. Бейсенгазина[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: