«Білім алушылар арасындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кураторлармен жиналыс

«Білім алушылар арасындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кураторлармен жиналыс

14.02.24 ж., СМУ КеАҚ-да «Білім алушылар арасындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Академиялық және тәрбие ісі жөніндегі проректор, режим бойынша көмекші, қауіпсіздік қызметі бастығының қатысуымен  топ  кураторларымен  жиналысы өтті.

Академиялық және тәрбие ісі  жөніндегі проректор Ж.Қ.Смаилова білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты білім беру ортасын қамтамасыз етудің негізгі аспектісі болып табылатындығын айтты. Университетте әр түрлі ұлт өкілдерінің білім алып жатқанына байланысты, ұлтаралық жанжал туғызатындай жағдайлар болдырмау үшін білім алушылар мен кураторлар тығыз қарым-қатынаста болу керектігі айтылды.

Жиналыс барысында режим көмекшісі және қауіпсіздік қызметінің бастығы білім алушылар жасаған және білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы белгілі болған жағдайда құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы топ кураторларына, мектеп қызметкерлеріне дереу хабарлауға міндетті екендігі айтылды. Құқық бұзушылықты алдын-алу  мақсатында оқу жылының басынан білім алушылармен, топ кураторларымен тәрбие ісі жөнінде жиналыстар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Категориясыз