2024 жылдың 13 – 22 ақпаны аралығында КеАҚ «СМУ» симуляция және білім беру технологиялары кафедрасы онлайн/офлайн форматында «Коммуникациялық дағдылар» пәні бойынша қысқы мектепті өткізді. Қысқы мектепке «Жалпы медицина» мамандығының шетел бөлімінің 1 және 2 курс студенттері, сондай-ақ 3 курс студенттері белсене қатысты. Тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты: кафедра меңгерушісі: м.ғ.к., доцент Муканова Д.А., мұғалімдер: Ван О.Т., Ковылина Р.А. Кафедра оқытушылары университет сайтында қысқы мектепті өткізу туралы ақпаратты, силлабусты, тақырыптық жоспарды және қатысушылардың тізімін дайындады. Қатысушылар күнделікті сабақта теориялық және тәжірбиелік білімдерін ұштастырып, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіре отырып белсенділікпен қатысты. Қысқы мектеп соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, естелік суретке түсті.
Тиімді қарым-қатынас жасау түсініспеушіліктер мен қақтығыстарды болдырмауға, күрделі мәселелердің шешімін тез табуға көмектеседі.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]