Наурыздың 12 күні «Семей медицина университеті» КеАҚ, жалпы білім беру пәндер кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен жалпы медицина мамандығының 1 курс студенттерімен Дін мәселесін зерттеу орталығының маманы (теолог) М.Д. Ботаханов, Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылу басқармасының басшысы А.М. Ксанов, Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департамент Ұйымдастыру-бақылу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі М.Е. Намазакова, Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Е.С. Токеовтардың және Абай аудандық экстремизмге қарсы күрес басқармасының полиция капитаны О.Е. Имонмадиевтардың қатысуымен ақпараттық танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім алушыларымызға діни сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экстремистік қауіптің алдын алу бойынша бірқатар қажетті ақпараттармен бөлісіп, видеокөрсетілімдерді ұсынды. Білім алушылар тарапынан да өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап алды.
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы