“Speaking club for International Students” кезекті сабағы 13.03.2024 жылы 2-5 курс шетелдік бөлімшесінің студенттерімен өткізілді. Сабақты ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушысы Рақымғазиева А.С. өткізді. сабаққа ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушысы Амангалиева Г.М. және “Speaking club”еріктілері қатысты. Сабақ барысында интерактивті түрде “ауру тарихының схемасы”тақырыбы қарастырылды. Студенттер орыс тілінде ауру тарихын жүргізу үшін терминологияны игерді. Латын тіліндегі халықаралық терминдердің пациентпен жұмыс істеу үшін қолданылатын ағылшын терминдерімен ұқсастығына назар аударылды. Студенттерге ағылшын, орыс тілдерінде клиникалық терминдер сөздігі ұсынылды, қатысушылар тәжірибе алмасуды жалғастыру және бір-бірін салауатты өмір салтына ынталандыру үшін осындай кездесулерді үнемі өткізуге ниет білдірді. Осындай іс-шаралардың арқасында біздің университет мәдени әртүрлілікті қолдауды және студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды жалғастыруда.