ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының негізінде 03.04.2024 ж 1501-1509 топтары, 1 курс шетел бөлімінің студенттеріне арналған генетикадан пәндік олимпиаданың бірінші кезеңі өтті. Олимпиадаға әр топтан генетика пәнінен білімі жоғары 5 студент іріктеліп, бірінші кезеңге барлығы 45 студент қатысты. Бірінші кезең тестілеу түрінде өтті, студенттер әртүрлі деңгейдегі 20 тест сұрақтарына жауап берді.
Олимпиада ұйымдастырушылары кафедра меңгерушісі Оразалина А.С., оқытушылар Елкенова Б.З., Кулжибаева С.Р.
Бірінші турдың қорытындысы бойынша әрқайсысы 4 студенттен тұратын 3 команда таңдалады, ол студенттер олимпиаданың екінші практикалық кезеңінде кездесіп ең мықтылары анықталады.
ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Елькенова Б.З.