«Russian speaking club» қатысушыларымен сабақ

«Russian speaking club» қатысушыларымен сабақ

2024 жылы 17 сәуірде “Russian speaking club”тыңдаушылары үшін кезекті сабақ өтті. Сабақты ұйымдастырушылар хирургиялық пәндер кафедрасының урология пәнінің ассистенттері  Аққалиев М.Н, Бухариева С.С және симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушысы Р. А. Ковылина “зәр шығару жүйесі мүшелері және симптомдары” тақырыбы бойынша дидактикалық материалдар дайындады. Сабақты өткізуге “Стоматология” факультетінің 1319 тобының еріктілері Сағандықова Ақнұр, Қабдоллаева Дина, Дидахметова Аяна көмек көрсетті. Сабақ барысында терминдер мен олардың анықтамалары талданды, сонымен қатар зәр шығару жүйесінің аурулары кезінде пациенттен негізгі клиникалық белгілерін қалай сұрастыру және түсіну дағдылары бекітілді. Кейбір терминдер мен сөздердің айтылуының фонетикалық ерекшеліктері егжей-тегжейлі зерттелді. Шетелдік бөлімнің 3,5 курс студенттері сабақ тақырыбына үлкен қызығушылық танытты. Студенттерден оң кері байланыс алынды, бұл осы жұмыстың маңыздылығын айқындайды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі