Мен Абдрахманова Камила Болатқызымын. “Урология және андрология, оның ішінде балалар” мамандығы бойынша 3-ші курс резиденті. Өскемен қаласының ШҚО денсаулық сақтау басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» базасында урология бөлімінде өтемін. Менің клиникалық тәлімгерім-Қуандықов Н.К.
Нұрқұмар Кинаятұлы Қуандықов 1997 жылдан бастап Өскемен қаласының “№1 қалалық аурухана” КМҚК урология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 2004 жылдан – медицина ғылымдарының кандидаты,
Денсаулық сақтау үздігі. “Ерен еңбек үшін” үкіметтік наградасымен марапатталған.
Урология бөлімі аймақтағы орталығы ретінде жұмыс істейді. Пациенттерге шұғыл және жоспарлы көмек көрсетіледі.
Күн сайын клиникалық тәлімгермен бірге пациенттерді тексеруден өткіземіз, клиникалық жағдайларды талдауға қатысамын, коммуникативтік дағдыларды жетілдіремін. Мен пациенттерді клиникалық тәлімгердің бақылауымен өзім басқарамын, сонымен қатар пациенттерді емдеудің минималды инвазивті, әртүрлі түрлерін қолданамын.
Өскемен қаласының ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» урологиялық бөлімшесінің базасында резиденттерге білім мен практикалық дағдыларды алу үшін барлық мүмкіндіктер беріледі.