Ішкі аурулар және ревматология кафедрасындағы “Клиникалық практика” Жазғы мектебінің қорытындылары

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасындағы “Клиникалық практика” Жазғы мектебінің қорытындылары

2024 жылдың 3-7 маусымы аралығында ішкі аурулар және ревматология кафедрасында 2-5 курс шетелдік бөлім студенттеріне арналған “Клиникалық практика” Жазғы мектебі өтті. Жазғы мектептің ұйымдастырушылары ассистент Петрова Ю.В., кафедра меңгерушісі Каскабаева А.Ш., және оқу ісі меңгерушісі Муздубаева Ж.Е. болды.

Күн сайын студенттер КеАҚ «СМУ» -ның университеттік госпиталінің гастроэнтерология және кардиоревматология бөлімшелеріндегі пациенттерді қадағалады. Оқытушылардың басшылығымен олар сұрау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізді, ауру тарихының бөлімдерін рәсімдеуді және диагностика мен емдеу жоспарларын құруды үйренді. Сондай-ақ, олар профессор Иванова Р.Л. және кафедра меңгерушісі Каскабаева А.Ш. өткізген обходтар мен консультацияларға қатысты. Шетелдік студенттердің коммуникативтік дағдылары мен тілдік құзыреттерін дамытуға ерекше назар аударылды.

Теориялық бөлімде “Жүректің жүре пайда болған ақаулары”, “Бауыр зақымдану синдромдары” және “Кеуде қуысы ауыруының дифференциалды диагностикасы” сияқты түсінікке күрделі тақырыптар талқыланды.

Мектептің қорытындысында студенттерге қатысушы сертификаттары табыс етіліп, олар оң пікірлерін қалдырды. Бұл іс-шара студенттер мен оқытушылардың өзара әрекеттестігінің тамаша үлгісі болып, ішкі аурулар саласындағы практикалық оқыту мен негізгі дағдыларды дамытуға ықпал етті.

Мәтінді дайындаған ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті Петрова Ю.В.

Жарияланды: