20.09.2024ж. стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасында доцент Н.Б.Хайдарова ОККМО кестесіне сәйкес, стоматология факультетінің 401 тобында «Ересектер клиникалық эндодонтиясы» пәнінен «Кариес асқынуларының диагностикасы мен емдеу барысында жіберілетін қателіктер мен асқынуларының диагностикасы» тақырыбына ашық сабақ өткізді . Заманауи ақпараттық құралдар , студенттерге ақпаратты оңтайландыруға мүмкіндік берді . Оқу үрдісі барысында сабақ Canvas платформасында MOOC форматында жүргізілді, әрбір студент сабақтың тақырыбына сәйкес сабақ өту мүмкіндігіне ие болды, бұл оны қысқа және түсінікті етіп жасады. Материалды талдау барысында «Өз ойыны» телевизиялық ойын викторинасы, кейстер, тест тапсырмалары, CBЛ, Kahoot материалдары қолданылды. Сабақ өз мәресіне жетті, оқу үрдісінде қолданылған инновациялық әдістер, Canvas платформасындағы MOOC бағдарламасы оқу үрдісін ұйымдастыруды жақсартуға және оқытушы мен студенттердің коммуникативтік қарым-қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.