КеАҚ «Семей медицина университеті» терапия кафедрасында жас мамандар «Пульмонология (ересектерде, балаларда)» мамандығы бойынша резидентурада 2 жыл оқиды.
Білім беру бағдарламасы тыныс алу жүйесініңауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алуыбойынша толық оқытуға бағытталған.
Қазіргі таңда «Пульмонология (ересектерде, балаларда)» мамандығы бойынша резидентурада 1 курста 5 резидент және 2 курста 5 резидент, оның ішінде 6 резидент Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы “Облыстық фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында кафедра базасында, 4 резидент – Павлодар қаласындағы университет филиалы базасында білім алуда.
Академиялық және клиникалық тәлімгерлер резиденттерге пациенттерді тексеру, диагностикалау және емдеу, медициналық этика және деонтология қағидаларын сақтай отырып, пациенттермен және әріптестермен қарым-қатынас жасау, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану және клиникалық талқылаулар мен консультацияларға, пікірталастарға белсенді қатысудың медициналық дағдыларды және жаңа заманауи диагностикалық әдістер мен емдеутәсілдерін енгізуді үйретуде.
Құрметті студенттер, сіздерді жоғары білікті мамандарды даярлауға және олардың құзыреттіліктерін үздіксіз дамытуға бағытталған «Пульмонология (ересектерде, балаларда)» мамандығы бойынша резидентураға шақырамыз.
Дайындаған: Терапия кафедрасының доценті Есимбекова Э.И.