2024 жылғы 21 қарашада Күміс университетінің жоспары бойынша симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушысы Какимжанова М.К. 3101 ЖМ кураторлық тобымен Семей қаласының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне барып, D3 витаминінің адам денсаулығы үшін маңыздылығына арналған семинар өткізді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты егде жастағы адамдарға D3 витаминінің рөлі және оның жетіспеушілігін болдырмау жолдары туралы хабарлау болды. Семинар барысында егде жастағы адамдарға D3 витаминінің сүйек – иммундық жүйеге әсері, оның жетіспеушілігінен туындайтын аурулар және витаминнің ағзаға биологиялық белсенді қоспалар арқылы және тамақ арқылы қалай енетіні туралы айтылды. Соңында қарттарға пайдалы кеңестер мен тілектер жазылған арнайы дайындалған брошюралар таратылды. Бұл кездесу барлығына өте әсерлі және пайдалы болды. Егде жастағы адамдар өз сұрақтарын қойып, денсаулығын жақсарту жолдарына қызығушылық танытты. Біздің семинар тек оқытуға ғана емес, қарт адамдарымызбен жылы қарым-қатынас орнатып, келесі жолы концерттік бағдарламамен келуімізді өтінді.