«Ашық сабақ –жедел панкреатит»

«Ашық сабақ –жедел панкреатит»

Семей Медицина Университеті КеАҚ госпиталды хирургия, анастезиология және реаниматология кафедрасында бекітілген жоспарға сай білім сапасын бақылау бөлімінің өндірістік тәжірибе бойынша маманы Икласова Жамал Маультовнаның қатысуымен ЖТД 610топ интеріндеріне «Хирургия» пәні бойынша «Жедел панкреатит» тақырыбында ашық сабақ өтті. Топтың пән мұғалімі PhD, қауымдастырылғанпрофессордың м.а Әуенов Медет Әуенұлы.Ашық сабақ келесідей бөлімдерден тұрды:1. Жедел панкреатит тақырыбында кіріспе тест (10 тест); 2. Жедел панкреатит тақырыбын талдау (анатомия, физиология, анықтамасы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы, консервативті және хирургиялық емі, асқынуы); 3. Жедел панкреатит және асқынуы тақырыбында CBL (Challenge-based learning) талдау. Бұл интерндердің оқу процесіне қатысуына ықпал ететін оқыту әдісі. CBL интерндердің сыни ойлауын дамытуға, проблеманы шешу дағдыларын жетілдіруге және мақсат қоюға үйренуге мүмкіндік береді;4. Сабақ қорытындысы бойынша – қорытынды тест (20 тест) және клиникадағы науқастарға байланысты клиникалық жағдайды талдау.

Барлық кезеңдерде интерндер белсене қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Топ интердеріне білім сапасын бақылау бөлімінің өндірістік тәжірибе бойынша маманы Икласова Жамал Маультовна сабақты жоғары деңгейде өтуін және интеріндерге бәсекеге қабілетті маман иелері болуына тілегін білдірді.

Сонда-ақ кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Аймагамбетов М.Ж., кафедра профессорлары м.ғ.д. Булегенов Т.А., м.ғ.к. Масалимов Е.О. және кафедраның оқу ісінің меңгерушісі м.ғ.м., PhD докторант Масалов А.Е. білім сапасын бақылау бөлімінің қойған талаптарына және бастамаларына, жұмыстарына өз ризашылықтарын айтты.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі